БҚО-да 1 тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдағандар ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 1 тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 7 қаңтар күні Орал қаласына қарасты «Сарытау» шағынауданы маңында болды.

Патрульдік полиция қызметкерлері шамамен сағат 05.40-та 1986 жылғы оралдық тұрғын айдаған «Lexus» автокөлігін тоқтатты. Көлікте 1985 жылғы жолаушы да болған.

Автокөлікті қараған кезде тиісті құжаттары жоқ 1 тоннадан астам қара балық тәркіленді.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 196-бабы 1-бөлігіне сәйкес (көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу) тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Айта кетейік, 6 қаңтар – 5 ақпан аралығында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өткізілуде.


Соңғы жаңалықтар