БҚО-да 1,532 млн гектар жер пайдаланылмай бос жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1,532 млн гектардың пайдаланылмағаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің айтуынша, соның 1,122 млн гектары мемлекетке қайтарылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында жерді тиімді пайдалану керектігін атап көрсеткені мәлім.

Осыған орай ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануды бақылау жұмыстары күшейтіледі.

«Жыл соңына дейін БҚО-ның геоақпараттық порталы әзірленіп, жұмыс жасайтын болады. Бұл геопорталда жер телімдерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мақсатсыз пайдалануды анықтауға мүмкіндік беретін спутниктік түсірілім қолжетімді болады», - деді өңір басшысы.

Соңғы жаңалықтар