БҚО бойынша «Охотзоопром» басшысы пара алғаны үшін сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының Батыс өңірлік филиалының басшысы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының Батыс өңірлік филиалының басшысы Д.Саматовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады», - делінген хабарламада.

Д.Саматов қызмет бойынша жалпы қолдау көрсету үшін бағынышты қызметкерлерден жүйелі негізде пара алған.

20 тамыз күні Орал қалалық сотының үкімімен Д.Саматовқа 5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.



Соңғы жаңалықтар