БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің басшысы өзгерді

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - ҚР Қаржы министрлігі Кеден комитеті төрағасының орынбасары Жарқынбек Оспанов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында болып, БҚО бойынша кедендік бақылау департаментіне жаңадан тағайындалған басшы Әмірхан Мауқұловты таныстырды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әмірхан Әбенұлы бұған дейін Астана қаласы бойынша кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.

Бұдан кейін облыстық кедендік бақылау департаментінің жеке құрамымен кездескен Ж.Оспанов еліміздің кеден органдары алдында тұрған басым бағыттар жөнінде әңгімеледі. Кадр даярлау ісін жетілдіре түсуді тапсырды. Сондай-ақ кеден тәртібін бұзушыларға қарсы күресті белсенді жүргізу қажеттігін атап өтіп, жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды тағы бір пысықтады.

Соңғы жаңалықтар