БҚО: Бостандықта 200 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді (ФОТО)

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 1 желтоқсан күні Президент күніне орай Қазталов ауданы Бостандық ауылында 200 орындық жаңа мәдениет үйі өз есігін айқара ашты.

Аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың айтуынша, облыс басшылығының қолдауымен ғимарат қысқа мерзім ішінде тұрғызылды. Құрылыс мердігері «Жалпақтал Су» ЖШС басшысы Серік Темірханов мәдениет үйінің бейнелі кілтін табыс етті.

Заманауи үлгімен салынған мәдениет үйінде ауыл тұрғындары мереке күні Қазталов аудандық мәдени демалыс орталығы қызметкерлері әзірлеген «Беу, қыздар-ай!» қойылымын тамашалады. Айта кетейік, екі мыңға жуық тұрғыны бар ауылда осы кезге дейін түрлі шаралар мектепте ұйымдастырылып келді. Бостандықтан кезінде белгілі театр және кино әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сердеш Қажымұратов, атақты «Әкем - әнім» әнінің авторы, композитор Әділбек Сүлейменовтей өнер майталмандары түлеп ұшты.

Соңғы жаңалықтар