БҚО: Биыл «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 18 сумен қамту нысаны іске қосылады
2015 жылғы 1 қаңтар 16:10

БҚО: Биыл «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 18 сумен қамту нысаны іске қосылады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 2015 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасына сәйкес, 3027,2 млн. теңгеге 18 сумен қамту нысаны салынбақ.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жасұлан Сүйіншәлиевтің айтуынша, сонда ауыз сумен қамту желісі 387,741 шақырымға жететін болады.

Аталған бағдарламаға сәйкес, жыл сайын іске қосылған ауыз су құбыры «ұзарып» келеді. Айталық, 2012 жылы - 161,64 км, 2013 жылы - 126,6 км, өткен жылы 255 км су құбыры тартылды. Өткен жыл басында өңірдегі орталықтандырылған сумен қамту жүйесін 154 елді мекен (233,1 мың тұрғын) пайдаланса, жыл соңында бұл көрсеткіш 160-қа (238,9 мың тұрғын) жетті. 2014 жылы республикалық қазынадан 1054,2 млн. теңге бөлініп, 9 сумен қамту нысанын іске қосу көзделген болатын. Соның ішінде тек Теректі ауданы орталығы Федоров ауылындағы нысан биылғы жылға ауысып, қалғандары қолданысқа берілді. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен қаралған 744,5 млн. теңгеге Жәнібек, Бөрлі ауданындағы екі ауылға ауыз су жеткізіліп, елді мекендер тұрғындары қуанышқа кенелді.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT