БҚО білім саласындағы бақылау департаментіне жаңа басшы келді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен Нұрлан Меңешұлы Сабыров Батыс Қазақстан облысы білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Жұмашев жаңа басшыны департамент ұжымына таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, 1958 жылы дүниеге келген Нұрлан Сабыров Бөкей ордасы ауданында еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, білім саласында қызмет атқарды. Аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, аудан басшысы болды.
Кейінгі жылдары БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болды.

Соңғы жаңалықтар