+7 (701) 759 90 19
USD 421.98 EUR 511.61
RUB 5.61 CNY 65.27
Jańalyqtar

БҚО білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2020 жылғы 30 маусым 17:30
Бөлісіңіз:
БҚО білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Облыс әкімінің өкімімен және ҚР Білім және ғылым министрлігінің келісімімен Айгүл Әділгерейқызы Мыңбаева БҚО білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды Моңғолияда жаңа Премьер-министр тағайындалды Қанат Сәрсембаев Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, А.Мыңбаева 1963 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын математика және физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Фурманов ауданы Саралжын орта мектебі физика және математика пәнінің мұғалімі, Орал аграрлық-техникалық колледжінің І санатты оқытушысы, БҚО білім басқармасы орта жалпы білім беру бөлімінің бас маманы, мектепке дейінгі және орта жалпы білімді дамыту бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарды.

2017 жылдың маусымынан бастап БҚО тілдерді дамыту басқармасына басшылық етті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі БҚО әкімінің орынбасары болғанын жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT