БҚО: Березовтағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы комиссия жұмыс жасауда

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бөрлі ауданы Березов ауылында балалардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалып, арнайы комиссия жұмыс жасауда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық істі ҚР ҚК 282-бабы 2-бөлігі (екі және одан көп адамның денсаулығына зиян келтірген ауаға лас қалдықтарды шығару ережесін бұзу) бойынша қозғап отыр.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың мәлім еткеніндей, облыстық комиссия құрамына барлық құзыретті органдар қызметкерлері кірген. Сонымен бірге өңірге ҚР Ішкі істер министрлігінен тергеушілер және Бас прокуратурадан арнайы прокурорлар келіп, оқиға орнында жұмыстануда. Комиссия нәтижесіне қарай тиісті шешім қабылданатын болады.

Еске сала кетейік, 28 қараша күні Ақсай қаласындағы аудандық ауруханаға белгісіз газдан уланған 25 оқушы мен 3 мұғалім жеткізілген болатын. Қазір жағдай қалыпты. Ауруханада қалған бес баланың бірқатары бүгін үйлеріне босатылды. Березов мектебінде сабақ қайта жанданды.

Соңғы жаңалықтар