БҚО: Березов балалары Алматы шипажайларында да демала бастады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бөрлі ауданы Березов ауылы балаларын сауықтыру жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Облыстық білім басқармасы өзін-өзі тану, адамгершілік рухани даму және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Хажарбибі Искандерованың сөзіне қарағанда, 3 және 4 қаңтар күндері Березовтан өңірдегі «Ақжайық» шипажайына балалардың үшінші және төртінші легі, нақтырақ айтқанда, 10 мұғалімнің бастауымен 84 жеткіншек жөнелтілді. Бірінші және екінші лекті қосқанда, барлығы 140 бала қамтылса, соның 135-і - мектеп жасындағы, бесеуі - мектепке дейінгі жастағылар.

Медициналық көрсеткіштері бойынша бірқатар балалар Алматы шипажайларына жолдануда. Күні бүгін «Алатау» шипажайына 10 бала жөнелтілсе, соның тең жартысы сауықтырудан екінші рет өтуде, олар мұның алдында «Ақжайықта» демалған болатын. Сондай-ақ таяу күндерде Алматыдағы «Балбұлақ» шипажайына да 10 бала жіберілмекші.

Айта кетейік, ата-аналардың келісімімен Березовтағы барлық балалар сауықтыру курсынан өтеді.

Соңғы жаңалықтар