БҚО аймақтық үйлестіру кеңесінде жаңа жобалар мақұлданды

None
None
ОРАЛ. 13 шілде. ҚазАқпарат - 12 шілде күні облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімовтің төрағалық етуімен аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда тоғыз жоба қаралды.

«Ақас» агрофирмасы» ЖШС Зеленов ауданы Новенький ауылындағы құс фабрикасын кеңейтпекші. Серіктестік директоры Қатауолла Ашығалиевтің айтуынша, қазір онда 130 мың құс болса, ол толық қуатына көшкенде, 500 мың құс өсіруге болады. Сол себепті жаңа цех ашу көзделуде. Аймақтық кеңес агрофирманың «Қазақстан халық банкі» АҚ арқылы 8 пайыздық жылдық мөлшерлемемен 134,5 млн. теңгеге бағаланған жобасын қолдады.

Сол сияқты отырыста «Уральксстроймонтаж» құрылыс компаниясы» ЖШС мен «Малаева Г.С.» жеке кәсіпкерлігінің автокөлік алу, «Эпсилон» ЖШС-ның өндірістік цех құрылысы мен минералдық сусын өндіретін жабдық алу, «Ескалиев Т.Д.» жеке кәсіпкерлігінің коммерциялық жылжымайтын мүлік алып, оны фитнес-клубқа айналдыру сынды жобалары да қаралды.

Соңғы жаңалықтар