+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

БҚО аумағына шар тәріздес металл бөлшегі құлады

2018 жылғы 5 шілде 14:24
Бөлісіңіз:
БҚО аумағына шар тәріздес металл бөлшегі құлады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы аумағына 5 шілдеге қараған түні шар тәріздес металл бөлшегі құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отты шардың құлағанын жергілікті тұрғындар көрген. Белгісіз нысан Жалпақтал-Қарасу жолынан 300 метрдей жерге, Жұлдыз ауылы маңына түскен.

Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Нұретдин Құтқожин аудан аумағына металл бөлшегінің түскенін растады. Оқиға орын алған бойда өрт сөндіру қызметкерлері дер кезінде жетіп, тиісті шараларды алды.

Адам немесе мал шығыны жоқ. Металл түскен жерге жақын елді мекен 16 шақырым қашықтықта орналасқан.

«Қазіргі кезде облыс орталығынан келген төтенше жағдайлар мен экология мамандарынан құралған арнайы комиссия оқиға болған жерге келіп, жұмыс жасауда. Алдағы уақытта анықталғаннан кейін қосымша мәлімет берілетін болады», деді Н.Құтқожин.

Облыстық ТЖ департаментінен алынған мәліметке қарағанда, сағат 01.15-те Қазталов ауданы Қарасу ауылдық округіне қарасты Ақмай маңында 47 га, Ыбырайда 48 га жерде құрғақ шөптің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Шөптің жануы сағат 04.00-де сөндірілді. Оқиға орнында 1 техника мен жеке құрамнан 4 және ерікті өрт жасағынан 10 адам жұмыс жасады.


БҚО аумағына шар тәріздес металл бөлшегі құлады

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT