БҚО, Атырау, Маңғыстау облыстарында жел күшейеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің батысындағы өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Күндіз 28 тамызда Атырау облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, жел екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Сол күні күндіз Атырау қаласында найзағай, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

28 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз кей жерлерінде солтүстік батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Сол күні күндіз Орал қаласында найзағай, солтүстік батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

28 тамызда күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, жел солтүстік шығыстан, солтүстік батысқа ауысады, екпіні 5-20 м/с болуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар