БҚО Ақпараттандыру, мемқызметтер және архивтер басқармасының басшысы ауысты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Конкурстық комиссияның шешіміне және меритократия қағидаттарына сәйкес Нұрлан Нұрсұлтан Батыс Қазақстан облысы Ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Нұрлан Нұрсұлтан 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2014 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Сонымен қатар Манчестер университетінде (Ұлыбритания) «Болашақ» бағдарламасы аясында магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2015 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерді анықтау бөлімінің маманы міндетін атқарушы болып бастаған.

Әр жылдары Орал қаласы әкімі аппараты ақпараттық-талдау жұмыстары және халықаралық ынтымықтастық бөлімінің басшысы, Орал қаласы әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің басшысы, БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы ақпараттандыру бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

Күні бүгінге дейін БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы басшының орынбасары болып қызмет етті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-ның Бөрлі ауданына жаңа басшы келгенін жазған болатынбыз.
Соңғы жаңалықтар