БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен Тимуржан Әдиетұлы Шәкімов Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Тимуржан Әдиетұлы 1962 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. А.Микоян атындағы Куйбышев инженерлік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Камен (қазір Тасқала) ауданындағы Ленин атындағы кеңшарда құрылыс учаскесінің шебері, прорабы қызметтерінен бастады.

Әр жылдары «Казторгстрой» тресі Орал құрылыс учаскесінің бас инженері, БҚО инфрақұрылым және құрылыс басқармасының басшысы – бас сәулетші, ҚР Индустрия министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті басқармасының басшысы, Батыс Қазақстан және Атырау облысы әкімдерінің орынбасары болды.

Жаңа орынбасар энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сәулет және құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларына жетекшілік ететін болады.

Бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бағдат Азбаев өз еркімен жұмыстан босап, елордалық ірі компаниялардың бірі – «Астана Тазалық» ЖШС-ның басшысы қызметіне ауысты.

Соңғы жаңалықтар