+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

БҚО әкімінің орынбасары тағайындалды

2021 жылғы 9 наурыз 17:41
Бөлісіңіз:
БҚО әкімінің орынбасары тағайындалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және әкімнің өкімімен Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов БҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облыстық ішкі  саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды БҚО тұрғыны полицияға пара бергені үшін ұсталды

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бақытжан Нарымбетов 1986 жылы дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2012 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Әр жылдары Орал қаласы әкімі аппараты ақпараттық талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас инспекторы, осы бөлімнің басшысы, Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, БҚО әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы, БҚО әкімі аппараты стратегиялық даму бөлімінің басшысы, БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы, ҚР Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары болды.

2019 жылдың қаңтарынан бері Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT