БҚО әкімінің орынбасары полицейдің интимдік суреттеріне қатысты түсінік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов әлеуметтік желіге тарап кеткен полицей мен әйелдің интимдік фотосуреттеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атап өткен жөн, бұған дейін оралдық полиция қызметкерінің қызмет қаруымен және алдын ала болжам бойынша жеңіл жүрісті әйелмен түскен фотосуреті әлеуметтік желіге тарап кеткен еді.

«Бүгін таңертең полиция басшысы бұл мәселені баяндады. Қызметтік тексеру жүріп жатыр, біраз уақыттан кейін БАҚ-қа толыққанды әрі нақты жауап береміз деген ойдамын. Бұл әрине, полицейдің жеке басының мәселесі», - деді Арман Өтеғұлов.

Қызметтік тексеру қорытындысы бүгін жарияланды. Полиция қызметкері мен әйелдің интимдік фотосуреттері фактісі бойынша БҚО ІІД полицейді жұмыстан шығаруға негіз таппады. Өзіндік қауіпсіздік басқармасы фотодағы әйелдің жезөкше емес және фотосуреттер оның жеке архивінен ұрланды деп санайды. 

«Аталған факті бойынша БҚО ІІД жетекшілігімен қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында фотосуреттегі әйелдің «жеңіл жүрісті» емес, полиция инспекторының танысы екені анықталды. Ал жасырын түсірілімді әйелдің өзі жеке мақсатта іске асырған. Түсірілім жүргізілген пәтер учаскелік инспектордың танысына тиесілі және бұл пәтер тарап кеткен ақпаратта айтылғандай «Пентагон» ауданында орналаспаған», - делінген БҚО ІІД-нің хабарламасында.

Сондай-ақ, БҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына полиция майоры Е.Н. Қаюпов атынан арыз түсті. Арыз бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы, 1-бөлімінде қарастырылған (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар