БҚО әкімінің орынбасарлары ауысты (фото)

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 21 қаңтар күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңір активінде жаңадан тағайындалған орынбасарларын таныстырды.

Осыған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Серік Шәпкеновтің ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалуына байланысты оған жаңа орнында сәттілік тіледі. Облыс басшысы Елбасы тапсырмасына сәйкес кадрлар біліктілігін арттыруға ұдайы көңіл бөлініп келе жатқанын, орталықтан өңірлерге, өңірлерден орталыққа мамандардың ауысуы олардың мемлекеттік қызметте тәжірибе жинақтауына септесетінін атап өтті.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен С.Шәпкеновтің орнына бірінші орынбасар болып Арман Өтеғұлов тағайындалды. Ол осыған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған еді. Сондай-ақ бұған дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ БҚО филиалының директоры болған Игорь Стексов облыс әкімінің орынбасарлығына бекітілді.

Жаңа тағайындауларға байланысты жауапты лауазымдық міндеттер де өзгерді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов ауыл шаруашылығы саласына қоса Орал қаласы мен аудандар әкімдеріне, басқарма басшыларына жалпы басшылық жасайды. Облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімов экономика және қаржы, мұнайгаз саласына жетекшілік етеді. Облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов сыртқы экономикалық қатынастарға, орта және шағын бизнестің дамуына, индустриялық-инновациялық бағдарламаның жүзеге асуына, өнеркәсіп кәсіпорындарының тиімді жұмыс жасауына жауап береді. Облыс әкімінің орынбасарларына бұдан басқа да қосымша міндеттер жүктелетін болады.

Соңғы жаңалықтар