БҚО әкімі «сары қыздың» елесіне байланысты түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылдық округі Ханкөл елді мекенінде «сары қыз бен әжейдің» елесі көрінетіні туралы ақпаратқа БҚО әкімі Ғали Есқалиев түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғ.Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде журналистің осыған орай қойған сауалына жауап берді.

«Біз күнбе-күн құқық қорғау органдарынан мәлімет алып отырамыз. Мұндай оқиға тіркелген жоқ. Жергілікті полиция органдары оны назарда ұстайтын болады», -деді әкім.

Аталған елді мекенде сары қыздың елесі көрініп, жергілікті жұртты шошытып жатқаны туралы әлеуметтік желіде ақпараттар тараған болатын. Осыған орай ауылда санитарлық талапқа сәйкес ашық жерде аз адам жиналып, марқұмдар рухына құран да бағышталған.


Соңғы жаңалықтар