БҚО әкімі Пасха мерекесімен құттықтады

None
None
ОРАЛ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Оралдағы Михаил Архангел кафедральдық шіркеуінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жиналғандарды Пасха мерекесімен құттықтады.

Пасхалық мерекелік шараларды Орал және Атырау архиепископы Антоний әкей өткізді.

Облыс басшысымен бірге шіркеуге қала әкімі Болат Шәкімов пен Ресей консулы Сергей Прохоров келді.

Храмға жиылған қала тұрғындарын құттықтаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев:

-Қазақстан әлемдік қауымдастықта дінаралық және ұлтаралық татулығымен ерекшеленеді. Бұл ретте Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі өлшеусіз. Біз бірлескен еңбекпен ғана Отанымыздың игілігі жолындағы  ортақ мақсатқа қарай жылжи отырып, рухани және экономикалық гүлденуге қол жеткізе аламыз, - деді.

Соңғы жаңалықтар