БҚО әкімі өзінің отставкасын талап еткен петицияға пікір білдірді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысының әкімі өзінің отставкасын талап еткен тұрғындар петициясына қатысты пікірі білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әр түрлі пікірлер болуы мүмкін. Сондықтан ол жерде дұрыс сын болса, мен одан сабақ алып, өзім үшін тиісті шешімдерді қабылдаймын. Өкінішке қарай, қоғам мүшелерінің барлығына бірдей жағу мүмкін емес ғой», -Ғали Есқалиев.

Еске сала кетейік, 31 наурызда Батыс Қазақстан облысының халқы өңір әкімінің отставкасын талап еткен петиция жариялаған еді. Бүгінде петицияны 5 594 адам қолдаса, 585 адам қарсылық білдірген.


Соңғы жаңалықтар