БҚО әкімі Орал қаласындағы жөндеу жұмыстары барысымен танысты (ФОТО)

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов бүгін Орал қаласында жол және инженерлік-коммуникациялық жүйелерді жөндеу барысымен танысты.

Өңір басшысының атап өткеніндей, қаладағы инженерлік желілерді жөндеу үшін «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес 2,5 млрд. теңге бөлінді. Атап айтқанда, 40 шақырымнан астам инженерлік желі жөнделмек, бұлар - 7 және 8 магистралды жылу желілері, су құбырлары, кәріздер. Тек Еуразия даңғылы бойынша 4 км су құбыры толық жаңғыртылуда. Сондай-ақ 2 км кәріз құбырлары қазірдің өзінде ауыстырылды. Еуразия даңғылы бойымен жабық мұз айдыны сарайына дейін жаңа қатқыл табанды жол салынды. Мердігер компаниялар алдына барлық жұмысты жылыту маусымына дейін бітіру міндеті қойылды. Бұл инженерлік желілердің жаңғыртылуы инфрақұрылымды едәуір жақсартып, қала тұрғындарының біраз бөлігін үздіксіз қамтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар қаланың 14 көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, бұған 3,7 млрд. теңге бөлінген. Оған қоса 30 ауланы жөндеу мен абаттандыруға жергілікті қазынадан 555 млн. теңге қарастырылды.

Нысандарда болған өңір басшысы мердігер ұйымдар өкілдеріне жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтау жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар міндетін орындай алмаған жауапсыз мердігерлерге қатысты қатаң шаралар қабылданып, айыппұл салынуы мүмкін екендігі де ескертілді.

Соңғы жаңалықтар