+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

БҚО әкімі Индустрия министрлігінің сынына жауап берді

2020 жылғы 30 қыркүйек 11:53
Бөлісіңіз:
БҚО әкімі Индустрия министрлігінің сынына жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жылыту маусымына орай Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен әлеуметтік нысандары отымен толық қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Индустрия министрлігінде көрсетілген мәлімет өткен аптаның басында болған жағдайға сәйкес берілген. Қазіргі таңда жағдай өзгерді. Соңғы аптада жұмысты жандандырып, келесі нәтижелерге қол жеткіздік. Біз қазандықтарды, электр қосалқы стансаларды және су құбырларын күрделі жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстарды өткіздік. Автономды қазандықтардың дайындығы 95,7 пайызды құрайды. Сумен қамту және су бұру желілері 95 пайызға, жылыту желілері 100 пайызға дайын. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласының нысандары жылыту маусымына 100, білім беру нысандары 95,2 пайыз дайын болды», - деді ол.

Өңір басшысының айтуынша, бірқатар әлеуметтік нысан 25 қыркүйекте жылыту жүйесіне қосылды. Бүгінде көппәтерлі тұрғын үйлердің 95 пайызы гидравликалық сынақтан өтті. Көппәтерлі тұрғын үйлер және әлеуметтік нысандар 5 қазанға 100 пайыз дайын болады.

«Тұрғындар және әлеуметтік нысандар отынмен толық қамтылды. Ауа райының болжамына сәйкес, алдағы 10 күнде орташа ауа температурасы +10 градустан жоғары болады. Облыс аудандары мен Орал қаласында электрмен жабдықтаудың автономды резервтік көздерін дайындау қамтамасыз етілді. Тәулік бойы жұмыс істейтін 72 апаттық бригада құрылды. Коммуналдық кешен нысандарында материалдық-техникалық ресрустардың азаймайтын резерві жинақталды. Алдағы жылыту маусымына дайындық тұрақты бақылауда», - деді Ғани Есқалиев.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Батыс Қазақстан облысында білім беру, денсаулық сақтау нысандарын, тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындық нашар жүріп жатқанынайтқан болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT