БҚО әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Берік Әділгерейұлы 1967 жылы БҚО-ның Қаратөбе ауданында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары Қаратөбе аудандық мемлекеттік сақтандыру инспекциясының экономисі, Алматы қаласы, «ТұранӘлемБанк» ЖАҚ, «Үміт» зейнетақы жинақтау қоры» ЖАҚ-да түрлі лауазымда, БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің директоры, Зеленов ауданының әкімі, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының әкімі, ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі болды.
2019 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО жер қатынастары басқармасына жаңа басшы келгенін жазған болатынбыз.