БҚО әкімі Ақжайық ауданы тұрғындарын Тәуелсіздік мейрамымен құттықтады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Аманияз Ержановпен бірге Ақжайық ауданында жұмыс сапарымен болып, ауыл-аймақ тұрғындарын Тәуелсіздік мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Өңір басшысы алдымен аудандық орталық аурухананы күрделі жөндеу барысымен танысты. 75 төсектік аурухана ғимараты 1974 жылы пайдалануға берілгеннен бері жөндеу көрмеген. Тек «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында биыл жазда күрделі жөндеу қолға алынды. «Ремстройбыт» ЖШС жүргізген жөндеу жұмыстарына 180 адам тартылса, соның 66-сы - жергілікті тұрғындар. 128 адам жұмыс жасайтын аурухана таяуда іске қосылмақ. «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен өткен жылы 4, биыл тағы 5 маман жұмысқа келді. «Біраздан бері шешілмей келген мәселенің биыл реті келіп, қажетті қаржы бөлінді. Соның арқасында Тәуелсіздік мейрамына орай бұл дәрігерлер қауымы үшін де, тұрғындар үшін де ерекше сый болмақ», деді өңір басшысы.
null
null

Бұдан кейін мәртебелі меймандар аудандық мәдени-демалыс орталығында өткен «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» атты салтанатты жиналыс пен мерекелік концертке қатысты. Облыс әкімі аудан халқын ел мерейтойымен құттықтап, Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірде, соның ішінде аудан көлемінде атқарылған жəне алдағы жылға жоспарланған игі шараларды баяндады. Елдің дамуына үлес қосқан, ауыл-аймаққа еңбегі сіңген адамдар марапатталды.

Іске қосылғанына бір жылдай болған «Батыс Марка Ламб» ЖШС ет кешенінің жұмысымен танысқан Алтай Көлгінов сондай-ақ Тайпақ ауылында да болып, тұрғындармен кездесті. Мұнда ауылдық мәдениет үйін «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес күрделі жөндеу бір ай бұрын басталған. «Өркен-сервис» ЖШС бұл нысанды алдағы жылдың наурыз айында пайдалануға беруді жоспарлауда. Қазірдің өзінде 25 жергілікті тұрғын тартылса, көп ұзамай тағы 30 жұмысшыға орын табылмақ.

null null null

Соңғы жаңалықтар