БҚО: «Ақбұлақ» бағдарламасына сәйкес 18 сумен қамту нысанын салуға 3 млрд. астам теңге бөлінді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл ауылдық елді мекендерде 18 сумен қамту нысанын салуға республикалық бюджет есебінен 3027,2 млн. теңге қаралып отыр.

БҚО құрылыс басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, атап айтқанда, су құбырлары құрылысына Сырым ауданы Жымпиты ауылында - 479,4 млн., Теректі ауданы Федоров ауылында - 182 млн., Жәнібектің Талов ауылында - 162,4 млн., Жаңақаланың Жаңақазан ауылында - 145,6 млн., Қызылобасында - 122,9 млн., Қаратөбенің Жусандыойында - 201,8 млн., Бөрлінің Қанайында - 124,6 млн., Шыңғырлаудың Амангелдісінде - 164,1 млн., Тасмоласында - 124,2 млн., Қазталовтың Ақпәтерінде - 203,8 млн., Жалпақталында 307,7 млн. теңге жұмсалмақшы.

Өткен жылы ел бюджетінен БҚО бойынша 9 сумен қамту нысанына 1054,2 млн. теңге берілген болатын.

Айта кетейік, 2014 жылы аталмыш басқармаға түрлі сала нысандарының құрылысына 17 млрд. теңге (соның ішінде республикалық бюджеттен - 13,2 млрд., жергілікті қазынадан - 3,8 млрд. теңге) бөлініп, ол толықтай игерілді.

Соңғы жаңалықтар