БҚО: 170-тей балдырған сақшылардан сыйлық алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 25 желтоқсан күні батысқазақстандық полицейлер жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №15 облыстық көмекші мектеп-интернатында өткен жаңажылдық шараға қатысып, қайырымдылық көмегін көрсетті.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 170-тей балдырған сақшылардан сыйлық алды. Департамент бастығының орынбасары Берік Өтеулин мектеп тәрбиеленушілерін жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға мықты денсаулық, табыс пен бақыт тіледі.

Қамкөңіл балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге шыршаны айнала ән салып, би билеп, бір жасап қалды. Аяз ата мен Ақша қар да көңілді күйде сыйлық үлестіруден шаршаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар