+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылады

2019 жылғы 22 мамыр 12:07
Бөлісіңіз:
«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бағдарламаның тұжырымдамасы жасалып, оның тың бағыттарын айқындайтын жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту шеңберінде тұжырымдама жасалып, жұмыс тобы құрылды. Оның барлық деңгейін талқылап жатырмыз. Қаржылық қолдау құралдарын жетілдіруге арналған түзетулер жасалды», - деді Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Бағдарлама шеңберінде кепілдендіру үшін несие көлемін ұлғайту жолымен кепіл бойынша жүктемені азайту, микроқаржылық ұйымдарды тарту, айналым қаражатын несиелеу үлесін арттыру, кәсіпкерлердің тиімді жобаларына талаптарды күшейту, мемлекеттік бағдарлама және басқа да құралдарды ұлғайту шаралары көзделген.

«Бизнес-қауымдастықты белсенді қатысуға шақырамыз. Барлық ұсыныстарды қарастыруға дайынбыз. Бұл шаралар мемлекеттік қолдау мен қаржыландыру шараларының қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның ел экономикасына үлесін арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін», - дейді вице-министр.

Еске сала кетсек, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 13 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілгенін мәлім еткен еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT