«Бизнестің жол картасы -2025» бағдарламасы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады - Арман Сакишев

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жас кәсіпкер Арман Сакишев  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауындағы бірнеше бағытқа ерекше тоқталды. Ол бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар ел кірісін арттыратынына сенеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған байқауға қатысып, үздік атанған жас кәсіпкер Арман Сакишев Жолдаудағы басым бағыттардың арасынан бизнес, білім, медицина саласын ерекше атап өтті. Себебі, стоматологиялық клиника саласын дамытып, жаңа технологияларды енгізу, әлеуметтік аз қамтылған адамдарға көмек беріп, балабақша балаларына салауатты өмір салтын ұстану қағидаларын үйретіп жүрген ұжым бұл жолы да кәсіпті әрі қарай дамытуды жоспарлап отыр.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартуды тапсырды. Яғни, адамдар бизнес әліппесін үйреніп, өз ісін бастауға мүмкіндік алды. Жыл сайын 30 миллиард теңге бөлінсе, кейін ол 224 миллиард теңге болып салық түрінде мемлекетке қайтарылады. Әрі 3 триллион теңгенің өнімі өндіріледі. Есеп бойынша 22 мыңнан астам адам жұмыс табады. Бәрі көңілге қонымды, табысты жұмыс»,- деді Арман Сакишев.

Алдымен Ақтөбе медициналық колледжін бітіріп, жұмыс істеген кәсіпкер қазір Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медциналық университетінде стоматология мамандығы бойынша білім алып жүр. Ол Еуропа елдеріне барып, тәжірибе жинады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та білімге баса мән беріп, сұранысқа ие мамандықты игеруді тапсырған болатын. Кәсіпкер нағыз маман ғана нарық сұранысына ие болатынын жеткізді.

«Нұрсұлтан Назарбаев «Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі - оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы. Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажет. Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды. Біз осы жолда шетелге барып, тәжірибе жинауға басымдық береміз. Маман тәжірибелі болса ғана оған сұраныс болады. Сондықтан заманауи сұранысқа сай маман болу үшін үнемі оқып, білу маңызды»,- деді ол. 

Соңғы жаңалықтар