+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталды

2020 жылғы 3 сәуір 10:25
Бөлісіңіз:
«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бизнес жобаларын кеңінен қамту үшін «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан Мəдиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Британия экономикасы соңғы 40 жыл ішіндегі ең төменгі деңгейге дейін қысқарды «Бастау» жобасы: Түркістан облысында 3 мың адам кәсіпкерлікті үйренеді Сыр өңіріндегі шыны зауыты биыл аяқталмақ

«Шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі, ол экономикалық өсім мен жұмыс орындарының маңызды көзі саналады. Біздің бағалауымызша жалпы ішкі өнім құрылымындағы шағын жəне орта бизнестің үлесі 29,5 пайызды құрайды. Бұл секторда 3 млн-нан астам адам жұмыс істейді. Шағын жəне орта бизнесті негізгі қолдау «Бизнестің жол картасы 2025» жəне «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында жүзеге асырылады. 2019 жылы жəне биылғы жылы осы бағдарламалар бойынша қолдауға ие болған кредиттік портфельдің жалпы көлемі 372 млрд теңгені құрап, 5,5 мыңнан астам жоба қаржыландырылды», - деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, елімізде төтенше жағдай енгізілуі аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен шұғыл шаралар топтамасы әзірленген. Бұл жұмыс ауқымында жоғарыда аталған екі бағдарлама бойынша түпкілікті заемшы үшін сыйақы мөлшерлемесі сәйкестендірілді.

«Енді аталған бағдарламалар бойынша кредит құны 6 пайыздан аспайтын болады. Бизнес жобаларын кеңінен қамту үшін «Бизнестің жол картасы 2025« бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталды. Бұл шағын және орта кәсіпкерліктің кез келген субъектісі бағдарламаға қатысушы бола алатындығын және жеңілдетілген қаржыландыру алатындығын білдіреді. Бір кәсіпкерге кредиттік қолдау мөлшері 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, айналым қаражатын қаржылай толықтыру айтарлықтай кеңейтілді. Бағдарлама аясында айналым қаражатын толықтыру 500 млн теңгеге дейін ұлғайтылды және жаңартылып отырады. Бұл ретте сауда қызметіндегі субъектілер үшін айналым қаражатын толықтыру 100 млн теңгеге дейін жетеді. Кепілдендіру құралы бойынша кредит сомасы 1 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Кепіл көлемі 50 пайыздан аспайтын болады. Бұл ретте 360 млн теңгеге дейінгі кредиттер займ сомасының 85 пайызына дейін кепілмен жабылады»,- деді Жасұлан Мəдиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT