«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының несиелік қоржыны 1 трлн теңгеден асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының несиелік қоржыны 1 трлн теңгеден асты. Бұл туралы «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ баспасөз қызметінен хабарланды.

Мәліметтерге қарағанда, қазіргі таңда «Даму» қоры операторы болып табылатын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 5 210 компания сыйақы ставкаларын субсидиялауға ие болып отыр. Бұл ретте өтеусіз негізде жалпы сомасы 94,2 млрд. теңге субсидиялар берілген.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 2010 жылдан бері кәсіпкерлерге 840 шамасында кепілдемелер жасады. 2014 жылдың өзінде бұлардың саны 500-ден асты. Осылайша, 2014 жылы «Даму» қоры өзінің ұсынған кепілдемелері арқылы еліміздегі берілген несиелердің 5 пайызын, соның ішінде басым секторларға берілген несиелердің 20 пайызын жауып отыр», - делінген баспасөз баянында.

Еске сала кетейік, «Даму» қоры акциясының 100 пайызы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне тиесілі ұлттық даму институты болып табылады. Қордың миссиясы шағын және орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ Қазақстандағы шағын несие ұйымдарын дамыту болып табылады.

Соңғы жаңалықтар