«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасында жобаларды қаржыландыру ставкасы 7 пайызды құрайды

None
None
АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жобаларды қаржыландыру ставкасы 7 пайызбен бекітілді. Бүгін брифингте ҚР Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы Ғалия Жолдыбаева осылай мәлім етті.

Комитет төрайымының айтуына қарағанда, қазіргі күні «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасында несие сыйақысы ставкасының ең жоғары көрсеткіші 14 пайызды құрайды. Оның 7 пайызын мемлекет өтесе, қалған 7 пайызды кәсіпкер өтейді. «Бұған дейін, жоба бойынша қаржыландыру көрсеткіші 12-13 пайыз болса, мемлекет міндетті түрде 7 пайызын өтейтін де, айырмасы кәсіпкерге жүктелетін. Қазір бұл басқаша, кәсіпкер міндетті түрде 7 пайызын төлеп, мемлекет қалғанын мойнына алады», - дейді Ғалия Жолдыбаева.

Оның айтуынша, бұл шара негізінен бір жоба бойынша бірнеше қаржыландыруға ие болудың алдын алуға бағытталады. Өйткені, дәл осылайша мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлер соңғы уақытта көбейіп кеткен.

Соңғы жаңалықтар