+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

«Бизнестің жол картасы - 2020» аясында 120 мыңға жуық кәсіпкер мемлекеттік қолдау алды

2019 жылғы 6 қараша 09:31
Бөлісіңіз:
«Бизнестің жол картасы - 2020» аясында 120 мыңға жуық кәсіпкер мемлекеттік қолдау алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 120 мыңға жуық кәсіпкер мемлекеттік қолдау алды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 800-ден астам жас стартапшы өз жобаларын ұсынды «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасын іске асыруға 421 млрд теңге бағытталады «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы қарашада қабылданады

«Бағдарлама екінші бесжылдықта нақты нәтижелерге қол жеткізді. Осы жылдары қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингінде 25-орынға ие болды. Бұл рейтинг бойынша еліміз 2015 жылмен салыстырғанда 16 сатыға көтерілді. Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнес үлесі 28,4 пайызға дейін артты. 2015 жылмен салыстырғанда ШОБ саны 400 мыңға ұлғайып, 1,3 млн-ды құрады. Жұмыспен қамтылғандардың саны 300 мыңға өсіп, 3,3 млн адамға жетті», - деді отырыста «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асыру қорытындысы жайында баяндаған министр.

Осы ретте ол бағдарлама аясында пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау, несиелерге кепілдік беру, мемлекеттік гранттар ұсыну, кәсіпкерлерді оқыту және инфрақұрылымды жеткізу сияқты қолдау көрсетілгендігін айтты.

«Бағдарламаны іске асыру үшін бюджеттен 282 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 16 мыңнан астам ШОБ субъектілері қаржыландырылды. 100 мыңнан астам кәсіпкер оқытылды. 15,5 трлн теңгеге өнім өндірілді. 1 трлн теңге шамасында салық төленді. Бағдарлама аясында бизнесті дамытуға мүмкіндік беріледі. Кәсіпкерлер 2,1 пайызбен несие ала алады. Несие 2,5 млрд теңге дейін ұсынылады. Мемлекет тарапынан 60 млн теңге несиеге кепілдік беріледі. Сонымен қатар 3 млн теңгеге дейін өтеусіз грант ұсынылады. Азаматтарды бизнес неніздеріне оқыту бойынша шаралар қарастырылған. Бағдаралма аясында консультациялар көзделген. Одан басқа оқыту мен тағлымдамадан өту қарастырылған. Олар екі күн немесе 2-3 апта өткізіледі», - деді ол.

Министр дерегінше, бағдарламаның осы екінші бесжылдығында 120 мыңға жуық кәсіпкер мемлекеттік қолдау алды.

«9 мыңнан астам кәсіпкердің несиелері субсидияланды. 5 мыңнан астам кәсіпкерге кепілдік ұсынылды. 100 мыңнан астам азамат бизнесті жүргізу бойынша оқытылды. 2 мыңға жуық грант берілді және 165 жобаға инфрақұрылым жеткізілді», - деді Р.Дәленов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT