Бизнестің ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеткен шығыны субсидияланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдан бастап бизнестің ауыл шаруашылығындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеткен шығыны субсидияланады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өсімдік шаруашылығында түсімнің артуына көптеген фактор жиналып та, жеке-жеке де әсер етеді. Осыған сүйене отырып тұқым, тыңайтқыш және өсімдіктерді қорғау құралдары құнының бір бөлігін арзандатуға бағытталған базалық субсидияларды қалдырамыз», - деді ол.

Министрдің айтуынша, шаруашылық тыңайтқыш қолданып, сапалы тұқым сатып алса, уақтылы химиялық өңдеу жүргізсе, өнім түсімі кем дегенде гектарына 7-8 центнерден жоғары болмақ. Ал бұл ретте ғылым мен бизнестің күш-жігерін біріктіру, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру, ғылымның бизнеске бағдарлануы маңызды.

«Не себу керек, қандай технологиямен және қандай мерзімдерде егу қажет екеніне тек ғылым ғана жауап беріп, бизнестің көмекшісіне айналуы тиіс. Келер жылдан бастап бизнестің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге жұмсаған шығындары субсидияланатынын айта кеткен жөн», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар