Бизнесті жемқорлықтан қорғау арқылы халықтың әл-ауқаты жақсарады - Алик Шпекбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бизнестегі сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасы биылғы Жолдауында бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан қорғауды кезекті рет еске салды. 2018 жылдың шілдесінде біздің агенттік Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, бизнес пен инвестицияларды қорғау бойынша жаңа жобаны іске қосты. Жобаның негізгі мақсаты - жемқорлықтан қорғау үшін агенттікке жүгінген кәсіпкерлер мен инвесторлар қызметіндегі қағазбастылық іркілістер және жемқорлық шығындарды жою», - деді А. Шпекбаев Астанада шетелдік дипломатиялық корпуспен өткен жиналыста.

Оның айтуынша, бизнеске қолдау білдіру арқылы халықтың әл-ауқатын жақсартуға болады.  

«Жаппай кәсіпкерлік пен инвестициялар - халықтың жұмыспен қамтылуының кепілі. Жаңа жұмыс орындары құрылып, жаңа ақпараттық технологиялар пайда болады. Бүгінде бизнеске еш қысым жасалмауы керек, кей адамдар бизнесті сауын сиырдай көреді. Сондықтан, бүгін бизнеске қолдау көрсетсек, келешекте халықтың жалақысы жоғарылап, жеткілікті зейнетақы алады, инфрақұрылым дамиды", - деді Шпекбаев.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздің барлық өңірінде 160-тан астам шетелдік және қазақстандық бизнес-жобаны өз қорғауына алды.

Соңғы жаңалықтар