Бизнесті қолдау туралы ұсыныс көңілімізден шықты - Мәслихат депутаты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматы қаласы мәслихатының депутаты Вячеслав Банщиков Мемлекет басшысының жолдауын қалай қабылдағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін барлығымыз Елбасының Жолдауын тыңдауға жиналдық. Көтерген мәселелерінің барлығы өзекті. Әсіресе, «спорт кез-келген жерде, әр аулада қолжетімді болуы тиіс» деген сөзі көңілімізден шықты. Мен өзім меценат болғандықтан,  айналадағы аулаларға спорт алаңдарын құруды қолдаймын», - деді В.Банщиков.

Мәслихат депутаты, сондай-ақ, Елбасының ШОБ субьектілерін қолдау туралы ұсынысын қолдайтынын жеткізді.

«Бұл - біздің экономикамыздың ең негізгі тірегі. Дағдарыс болған кезде де бізді тығырықтан алып шыққан шағын және орта бизнес болды. Өте жақсы ұсыныстар айтылды. Оның барлығы қабылданып, жүзеге асады деп сенеміз», - деді ол.

Айта кету керек, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстан халқына Жолдауын жария етті. 

Стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған.

 

Соңғы жаңалықтар