Бизнесті дамыту: ШҚО әкімі қол қусырып отырған әкімдерге комиссия жібермек

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда моноқалалар қатарына кірген бес қалада бизнес бастамаларды жүзеге асыруға 64,5 млн теңге бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімнің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері бизнес бастамалар үшін несие алуға 611 өтініш түскен. Тарбағатай ауданы бизнес бастамаларға бөлінген қаржыны игеруде 705 миллион теңгемен көш бастап отыр.

«Аталмыш көрсеткіш бойынша Өскемен мен Семей қалалары, Шемонаиха, Күршім және Жарма аудандары соңғы орында тұр. Әкімдер неге қол қусырып отыр? Арнайы комиссия құрып, бұл мәселенің мән-жайын анықтауды және нақты кешенді жұмыс жасауды тапсырамын» - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сондай-ақ аймақ басшысы мемлекеттік гранттарды бизнес бастамаларды жүзеге асыратын «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының қатысушыларына беруді тапсырды. Ал бөлінер қаражат көлемі 100 АЕК дейін болмақ. Олар қажетті құрал-саймандарды, технологиялық жабдықтар алуға жұмсалуы тиіс.

«Мемлекеттік гранттарды бөлу кезінде басты назарды өңірдің бес шағын қаласына, атап айтқанда, Аягөзге, Риддер, Зырян, Курчатов және Серебрянскіге басымдық беру керек, - деді облыс әкімі.
null

Соңғы жаңалықтар