Бизнесті бағалау индексі шілдеде 5,4-ке төмендеді – Ұлттық банк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызмет көрсетуден өзге секторларда индекс төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банк мәліметтеріне сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық банкі Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің Биылғы жылдың шілде айындағы іскерлік белсенділік жөніндегі деректеріне қарағанда, бірқатар салада жаңа тапсырыстардың төмен деңгейі, сондай-ақ шикізат пен материалдарды жеткізу мерзімінің ұзақ болуы белсенділік көрсеткішіне теріс әсер етіп, оның индексі 48,0 (маусымда – 48,9) болды.

Қызмет көрсету секторында индекстің мәні 48,6 болып, іс жүзінде өзгерген жоқ, ал қалған секторларда индекстің төмендегені байқалды: өндірісте – 48,5, тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 46,2, құрылыста – 47,0.

2022 жылғы шілдеде кәсіпорындардың қазіргі бизнес-жағдайларын бағалауы (-) 6,3-ке дейін (маусымда – 4,0) нашарлады. Жауаптардың теңгерімі жағымсыз өзгерістерді атап өткен респонденттердің ұлғаюы есебінен теріс болып шықты.

Кәсіпорындардың алдағы 6 айдағы болашақ бизнес-жағдайларын бағалауы да төмендеп, 18,0 (маусымда – 23,9) болды. Сөйтіп, қазіргі және болашақ бизнес-жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес ахуалы индексі 5,4-ке (маусымда – 13,6) төмендеді. Осылайша бизнес-циклдің «сағат» индикаторы шілдеде өсу аймағынан көтерілу аймағына өтті.

2022 жылғы шілдеде бизнес-жағдай факторларын бағалау арасында сұраныс жағынан ілгерілеушілік бар. Сұраныс бойынша жауаптар теңгерімі 4,3 (маусымда – 1,8) болды. Секторлар бөлігінде респонденттердің бағалауы бойынша оң жауаптар басым болған өндірісте, құрылыста және қызмет көрсетуде сұраныс қалпына келе бастады.


Соңғы жаңалықтар