Бизнесті 2025 жылға дейін дамытуға бағытталған бағдарлама әзірленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бизнесті 2025 жылға дейін дамытуға бағытталған бағдарлама әзірленіп жатыр. Бұл туралы бүгін «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралған Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мемлекеттегі кәсіпкерлікті кешенді қолдаудың маңызды құралы болып саналады. Осы мемлекеттік бағдарламаның арқасында кәсіпкерлікті дамыту үшін үлкен жұмыс атқарылды. Оны баяндамашылар айтты. Сонымен бірге кейбір облыстарда, айтар болсақ, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында көрсеткіштер төмен. Оны тағы да 12 айдың қорытындысымен талдайтын боламыз», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Дегенмен, ол қазіргі таңда шағын және орта бизнесті қаржылық және қаржылай емес қолдаудың құралдарын қайта қарау қажет екендігін баса айтты.

«Бұл бюджет қаражатының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы жұмыстың нәтижесінде жаңартылған мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы әзірленетін болады. Бұл қайта қарау жұмысы өңірлермен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе жүзеге асырылатын болады. Жалпы, ұлттық жоспар бойынша ол 1 қыркүйекке дейін қабылдануы керек. Осы бағытта тиісті жұмыс атқарылады», - деді Әлихан Смайылов.

Соңғы жаңалықтар