Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 366.43 EUR 420.11
RUB 5.58 CNY 52.87
Жаңалықтар

Бизнестен қайтарымды талап етуім керек - Нұрсұлтан Назарбаев

2018 жылғы 17 шілде 19:16 757
Бөлісіңіз:
Бизнестен қайтарымды талап етуім керек - Нұрсұлтан Назарбаев

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Шағын және орта бизнесті дамыту және олардың іскерлік белсенділігін арттыру үшін барлық резервтерді пайдалану керек. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодарда өткен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысына арналған кеңесте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы Әлеуметтік бастамаларда табыс салығын мүлдем алып тастадық. Микронесиелер «Бизнестің жол картасы» бойынша берілуде. Субсидиялар бөлінуде. Мен бизнестен қайтарымды талап етуім керек. Арттарыңыздан жүгіруді доғары қажет!», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнес субъектілері үнемі шағымданатын мәселелерге: автобөлшектердің, арнайы киімдердің және басқа да ресурстардың жетіспеушілігіне назар аударды.

«Онда тапсырыс беріңдер. Емдеу керек, оқыту керек, тазалау керек - көп нәрсе қажет. Ірі кәсіпорындар өз айналасында маманданбаған немесе айналыса алмайтын бизнестерді ашып жатыр. Оны желеуретуге болмайды», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, шағын және орта бизнесті дамыту және олардың іскерлік белсенділігін көтеру үшін барлық резервтерді пайдалану қажет.

«Мен үнемі көмектесіп келдім. Тексерулерге мораторий енгіздім. Ірі мемлекеттерде, мысалы Германия экономикасының 70 процентін шағын және орта бизнес құрайтынын үнемі айтамын. Егер өнімдер өтпей жатса, басқасына ауыса алады. Шағын және орта бизнесті дамытуға және ашуға көмектесейік. Мемлекеттен қолдау жетіп жатыр ма? Тағы не істей аламыз?», - деді Н.Назарбаев.


Бизнестен қайтарымды талап етуім керек - Нұрсұлтан Назарбаев

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Мұрағат