Бизнесте сұранысқа ие мемқолдау құралдары қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов бизнесте сұранысқа ие мемлекеттік қолдау құралдарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономиканың зардап шеккен салаларындағы кәсіпкерлерді қолдау үшін шағын және орта кәсіпкерлік кредиттерін қайта қаржыландыру жүзеге асырылады. Экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі кеңейтілді. Субсидиялау мерзімі ұзартылды. Бұл мақсатқа бюджеттен 18 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді», - деді Тимур Жақсылықов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, мемлекеттік қолдаудың ең сұранысқа ие құралының бірі микрокредиттеу болып отыр.

«Өткен жылы «БЖК-2025» аясында бизнесті микрокредиттеу бағдарламасы басталды. Осы бағыт ауқымында 5 млн теңгеге дейін кредит, инвестициялық мақсатқа 20 млн теңгеге дейін айналым қаражаты беріледі. Бұл ретте, 5 млн теңгеге дейінгі қарыздардың басым бөлігі соңғы қарыз алушы үшін 6 пайыз мөлшерлеме бойынша кепілсіз негізде ұсынылады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар