Бизнесмен сот тоқтам салған мүлікті 20 000 долларға сатып жібермек болған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғыны тоқтам салынған ұшақты 20 мың АҚШ долларына сатып жібермек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық сотқа сілтеме жасап.

Сот процесі Бостандық аудандық сотында өтті.

Іс материалдарына сәйкес, «Cessna 150М» қожайыны басқа бір адамға қарыз болған. Сол себепті, сот орындаушылары былтыр «Cessna 150М» ұшағына тоқтам салған.

Ал ер адам өз ұшағын сатпақ болғанда, оның сот ешшіміне байланысты, сата алмаған.

Сатып алушы тауарды уағдаласқан шарт бойынша ала алмаған соң оны сотқа берген.

Аудандық сот сату-сатып алу туралы келісімшартты жарамсыз деп тауып, борыштан құтылу туралы шарт қойды.
Ұшақ иесі 14 күн ішінде қарызын төлеп, ұшақты аресттен шығаруы керек.

Сонымен қатар, 30 күн ішінде жәбірленушіге 340 мың теңге көлемінде заң шығындарын өтеп, 2 жылға мүлікті беруге сенімхат жазып беруге міндеттелді.

Фото: buyplane.ru

Соңғы жаңалықтар