Бизнесмен Орифджан Шадиев мемлекетке 15 млрд теңге қайтаратын болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Прокуратураның араласуынан кейін Жоғарғы Сот бизнесмен О.К.Шадиевті 15 млрд теңгеден астам қарыз сомасын Ұлттық банкке қайтаруға міндеттеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Жоғарғы сот сатысы арқылы «Жайықмұнай» ЖШС-ны шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін 580 млн теңгеден астам айыппұлды бюджетке төлеу туралы Энергетика министрлігінің хабарламасының заңдылығы дәлелденді.

Кәсіпкерлердің мүдделері үшін прокурорлардың актілері негізінде 9 сот актісі, соның ішінде 7 – Бас прокурордың наразылығымен қайта қаралды.

Мысалы, Жоғарғы сот «Стройастес» ЖШС-ға 859 млн теңгеге салықтарды есептеу туралы негізсіз хабарламаны бұзды.

«Тағы да бірқатар істерге қатысты Бас прокуратураның наразылығымен жер, тұрғын үй заңнамасы саласындағы азаматтардың құқықтары қорғалды.

Нәтижесінде, прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде азаматтық және әкімшілік істер бойынша бірыңғай сот тәжірибесі қалыптасты. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар