Бизнесмен ақша айырбастау пунктінде 20 млн. жуық рублінен айырылды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Жекеменшік кәсіпкер Мәсекудің солтүстік-шығысындағы жалған ақша айырбастау пунктінде 20 млн. жуық рублінен айырылды, деп хабарлайды «Интерфакс».

«Жұма күні сағат 14:00 шамасында полицияға Мәскеу түбіндегі Долгопрудный тұрғыны, 33 жастағы жеке кәсіпкер келіп, алаяқтың құрбаны болғаны жайлы өтініш жазған», - деді баспасөз қызметінің қызметкері.

Бизнесмен 300 мың долларды айырбастау үшін Бейбітшілік даңғылындағы 181-ші үйде орналасқан операциялық касса ғимаратына кірген. Онда отырған ер адамға ақшасын берген клиент өз рубльдерін күтіп отырды. 15 минуттан кейін кассирдің бөлмесіне қайта кірген жәбірленуші онда ешкімнің жоқ екенін көріп, дереу полиция шақыртқан.

Кәсіпкер барған ақша айырбастау пункті жалған болып шықты. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген шығынның сомасы 19 млн. 830 мың рубльді құрады.

Соңғы жаңалықтар