Бизнеске қойылып жүрген 10 108 талап жаңа саясатқа сай келмейді – Әлібек Қуантыров

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында бизнеске қойылып жүрген басы артық талаптардың заңнамадағы үлесін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда кәсіпкерлікті реттеудің 44 саласы түгел қаралды. Онда 2 823 нормативтік құқықтық акт талданып, 128 119 талап анықталды. Ол талаптардың 10 108-і немесе 8% жаңа реттеу саясатының базалық шарттарына сәйкес келмейді», - деді министр.

Оның айтуынша, заңнаманы кәсіпкерлікті реттеудің жаңа саясатына сәйкестендіру жұмыстары осы жылдың алғашқы жартыжылдығында аяқталмақ.

«Өткен жылдан бастап реттеуші мемлекеттік органдар заңға тәуелді актілер шеңберінде талаптардың күшін жою және қайта қарау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жұмысты ағымдағы жылдың 1-2 тоқсанында аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Әлібек Қуантыров.

Фото: t.me/Kzgovernment



Соңғы жаңалықтар