Бизнеске қолайлы облыстарың рейтингін қалыптастыру мерзімі өзгерді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзгертіс енгізілген «Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы» Президент Жарлығына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұйымдастырушы жыл сайын 20 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне рейтингінің нәтижелері бойынша материалдарды ұсынады», - делінген Президент қол қойған Жарлықта.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнама талабы бойынша рейтинг қортындысы 30 қазаннан кешірктілмей Президент Әкімшілігіне жолданады. Енді бұл мерзім 20 маусымға ауыстырылды.

«ҚР Президентінің 2023 жылғы 20 наурыздағы тапсырмасын орындау шеңберінде бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлердің рейтингін өткізу мерзімін оңтайландыру ұсынылады. Бұл өзгеріс өңірлердегі кәсіпкерлік ортаның өзгеруіне жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Өйткені, статистикалық және әлеуметтанушылық өлшемдердің нәтижелерін синхрондау қамтамасыз етілетін болады», - деп Жарлық жобасына түсіндірме берген ҚР Жоғары аудиторлық палатасы.


Соңғы жаңалықтар