Бизнеске қатысты барлық тексеру тоқтатылды - комитет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіру іс-шаралары аясында кәсіпкерлікті қолдау үшін 2022 жылдың ақпанына дейін бақылау іс-шаралары уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылғы 1 ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдарымен басталған және ұйымдастырылатын салықтық және кедендік тексерулерді, сонымен бірге тауарлар шыққаннан кейінгі кедендік және басқа құжаттар мен мәліметтерді тексерулер уақытша тоқтатылды. Осылайша, 1 ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдарымен басталған барлық тексерулер тоқтатылады», - делінген комитет ақпаратында.

Сонымен бірге, комитет мәліметінше, аталған мерзімге дейін мемлекеттік кірістер органдарымен құқық қорғау органдарымен, өз қызметтеріне қатысты кәсіпкерлік субъектілерінің арыздары бойынша тағайындалатын тексерулерді қоспағанда жаңа тексерулерді тағайындалмайды.

Мұнан бөлек, 2022 жылғы 1 ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылау жүргізуді, сондай-ақ оның нәтижелері бойынша камералдық бақылау бойынша хабарламалар мен салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды қалыптастыруды уақытша тоқтатты.


Соңғы жаңалықтар