USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

«Бизнеске арналған үкімет» веб-порталы құрылады

2020 жылғы 4 қараша 11:56
Бөлісіңіз:
«Бизнеске арналған үкімет» веб-порталы құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған мәселе бойынша негізгі баяндама жасаған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, заң жобасы Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы және Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия аясында берілген тапсырмаларын, сондай-ақ Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарда көзделген шараларды іске асыруға бағытталған. Ұсынылып отырған түзетулер 81 заңнамалық актіге, оның ішінде 14 кодекс пен 67 заңға 9 бағыт бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

«Инвестициялар тарту бойынша инвестиция туралы келісім деп аталатын жаңа құрал енгізу ұсынылады. Мемлекеттік-жекешелік серіктестік тетіктерін жетілдіру және рәсімдерін оңтайландыру көзделеді. Кәсіпкерлікті және нақты секторды дамыту бойынша бизнес субъектілеріне қолайлы жағдай жасау үшін «Бірыңғай терезе» қағидатымен «Бизнеске арналған үкімет» веб-порталын және бизнес әріптестердің тізілімін енгізу жөніндегі тиісті функцияларды бекіту ұсынылады», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларында жаңадан құрылатын нысандар үшін инвестициялар шегін 2 есеге дейін төмендету көзделіп отыр.

«Сауда саясаты бойынша сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу бойынша түзетулер ұсынылады. Бұл ретте аккредиттеу жөніндегі органға аккредиттеу схемаларын, тізілімдерді регламенттеу жөніндегі құзыреттер бекітіледі. IT саласындағы экспортты дамыту мақсатында шығындардың бір бөлігін өтеу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнімдер тізбесін кеңейту ұсынылып отыр», - деді Руслан Дәленов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT