Бизнес жүргізу рейтингін төмендеткен әкімге шара қолданылады - ҚР Президенті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бизнес жүргізу рейтингін төмендеткен әкімге шара қолданылады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық инвесторлар кеңесінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Бизнес-омбудсменге жұмысты жандандыруға, бизнес-қоғамдастықта танымал әрі қажетті болуға кеңес беремін. Сонымен қатар өңірлік бизнес-омбудсмендер енгізу мәселесін қарастыру қажет», - деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша аймақтар рейтингі жалғаса беретіндігін айтты. Рейтингінің төмендеуіне бірнеше мәрте жол берген әкімдерге тиісті шаралар қолданылатындығын ескертті.

Соңғы жаңалықтар