Бизнес үшін салық пен төлем саны барынша азайтылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бюджет саясатының тиімділігі мен тұрақтылығына бағалау енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні Салық кодексінде 12 салық, 48 кіші салық түрлері, 10 төлемақы және 6 алым көзделген. Тиісінше, салықтар мен төлемдер санын барынша азайту бойынша жұмыс жүргізіледі. Экономиканың аса көп зардап шеккен секторлары үшін баламалы негізде айналымнан бөлшек сауда салығын төлеу құқығын қолдану мәселесі зерделенеді», - деді ол.

Сондай-ақ министр салық мөлшерлемелерін саралау мүмкідіктері зерделенетіндігін айтты.

«Бюджеттің түйінді коэффиценттері жиынтығы әзірленеді. Бюджет саясатының тиімділігі мен тұрақтылығын бағалау енгізіледі. «Кеңейтілген бюджетті» енгізу аясында шоғырландырылған бюджетке бюджеттен тыс қорды қосу арқылы мемлекеттік қаржыны кешенді бағалау енгізіледі», - деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар